Бүгін «ҚМГ тұлғалары» айдарының кейіпкері – Айгерім Қаршал. Ол – халықаралық білім алып, бухгалтерлік есеп, салық салу және коммерциялық қызмет салаларында жан-жақты тәжірибесі бар маман.

Айгерім Әбдіқананқызы Нархоз университетін «Есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдап, кейін «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританияда оқуын жалғастырды. Ол Бристоль университетінде «Есеп, қаржы және менеджмент» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.

Өз кәсіби жолын халықаралық консалтингтік компаниялардан — PwC және KPMG-ден бастаған. Бұл жерде ол салық салу, бухгалтерлік есеп және клиенттермен жұмыс істеу салаларында берік дағдылар қалыптастырды.

2021 жылдан бері Айгерім Қаршал ҚМГ құрылымындағы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-де еңбек етіп келеді. Осы аралықта ол менеджер лауазымынан бастап, маркетинг қызметінің жетекшісі дәрежесіне дейінгі кәсіби өсу жолын еңсерді. Қазіргі таңда ол авиаотынды сату, коммерциялық стратегияны әзірлеу, баға саясатын талдау, сондай-ақ шетелдік серіктестерді қоса алғанда, әріптестермен өзара қатынасты басқару сынды негізгі бизнес-процестерге жетекшілік етеді.

Айгерім Әбдіқананқызы өз кәсібінде терең аналитикалық ойлау, стратегиялық көзқарас және бизнес-процестерді тиімді ұйымдастыра білу қабілеттерімен танылды. Ол кәсіби өсуге тұрақты түрде көңіл бөліп, үнемі білімін жетілдіріп отырады. Соңғы уақытта Udemy платформасынан SQL бойынша курсты сәтті аяқтап, сондай-ақ Confidence Information Services ұйымдастырған мұнай және авиаотын саудасына арналған арнайы бағдарламаға қатысып үлгерді.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...