Астанада ҚазМұнайГаздың саябағы ашылды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына қарқынды түрде қатысуда.

Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз саябағы» ресми ашылып, 1300-ден астам ағаш отырғызылды. Жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайтын саябақта алдағы уақытта кешенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Саябақ елорданың Нұра ауданында, Тұран көшесінің бойында «Ғарыш сапары» кешенінің маңында орналасқан. Әкімдік аумақты қала кеңістігінің сапасын арттыру және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары аясында абаттандыру және көгалдандыру аймағы ретінде алдын ала анықтаған болатын.

— ҚазМұнайГаз саябағының ашылуы — ұлттық компанияның кең көлемде жүргізіп отырған экологиялық жұмысының бір бөлігі. ҚМГ «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда: соңғы жылдары еліміз бойынша 300 мыңнан астам ағаш егілді. Сондай-ақ ҚазМұнайГаз Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. 22 гектар аумаққа 150 мың қарағай көшеті отырғызылды, — деп атап өтті ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.

Жалпы, биыл ҚМГ-ның кәсіпорындары орналасқан аймақтарда 109 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күні олардың 40 мыңнан астамы егілді. Қалалар мен елді мекендерде жаңа жасыл аймақтар құруға, сондай-ақ еншілес кәсіпорындардың өндірістік нысандары мен кен орындарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылуда.

2025 жылдың басынан бері «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы экологиялық бағдарламаны сәтті іске асыруда: 8,9 мыңнан астам адамның қатысуымен 270 сенбілік өткізіліп, 5,7 мыңнан астам қап қоқыс жиналды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.

2025 жылғы 18 қазанда ҚМГ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары өздері орналасқан өңірлерде ағаш отырғызып, сенбілікке шықты.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...