«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Алғыс хатпен марапатталды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Алғыс хатпен марапатталды
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің құрылғанына 9 жыл толуы қарсаңында кәсіпорын ұжымының үйлесімді жұмысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ауданның материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасының бастығы – полковник Руслан Ахтанов атынан Алғыс хатпен атап өтілді.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің бүкіл ұжымына өзара тиімді ынтымақтастық, авиакеросинмен үздіксіз қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жүзеге асырудағы жауапкершілік үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Бірлескен жұмысымыз барысында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС өзіне жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде орындауға қабілетті сенімді мердігер ретінде танылды», – делінген хатта.
Анықтама үшін: «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС 2014 жылғы желтоқсаннан бастап (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысына сәйкес) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен арнайы мемлекеттік органдарына мұнай өнімдерін жеткізу бойынша Бірыңғай оператор болып табылады.