Тұрақты даму үшін авиация саласындағы гендерлік теңдік бойынша әйелдер диалогы «1-ші қазақстандық авиациялық келіссөздер» аясындағы пленарлық сессияның тақырыбы осылай аталды.
Тұрақты даму үшін авиация саласындағы гендерлік теңдік бойынша әйелдер диалогы «1-ші қазақстандық авиациялық келіссөздер» аясындағы пленарлық сессияның тақырыбы осылай аталды.


Ағымдағы жылдың 24-25 мамырында «1-ші Қазақстандық авиация келіссөздер» аясында «Тұрақты даму үшін авиация саласындағы гендерлік теңдік бойынша әйелдер диалогы» панельдік сессиясы ұйымдастырылды.

«Авиация – бұл еркіндік бизнесі. Бұған мысал ретінде 2,7 миллион әйел мен ер адамның осы салада өз мансабын дамыту еркіндігін келтіруге болады. Бірақ әйелдер адамдар жоғары деңгейлерде және кейбір авиакомпанияларда жеткіліксіз», Аарон Хеслехёрст.

«Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) «25by2025» (2025 жылға қарай 25) бастамасын бастады. Оның мақсаты – 2025 жылдың соңына қарай авиацияда, сондай-ақ саланың аралас салаларында басшылық лауазымдарда жұмыс істейтін әйелдер санын кемінде 25%-ға дейін арттыру. Мен авиация саласындағы басшы-ер адамдарға айтарым бар: блоктар мен алалаушылықтарды жоятын уақыты келді. Әйел кісілер де ер адамдардай ақылды, білімді және тиімді», – Фадимату Нутчемо, Young Africain Aviation ProfessionalAssociation Президенті.

Дүние жүзіндегі әйелдер бір-біріне ынтымақтаса және үлгі бола білуі қажет», – Чикаге Миёши Аэроғарыш саласының қоршаған ортаны қорғау жөніндегі профессоры; Хиросима университетінің болашақ дамуы үшін инновациялық ғылыми-зерттеу институтының Town & Gown директоры.

«Біздің еліміз орасан зор прогреске қол жеткізді және әйелдердің білімі мен кәсіби дағдылары арқылы мансаптық өсуге нақты мүмкіндігі бар», – Махаббат Куптлеуова, Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті.

«Әкем маған егер бір іс жасасаң, оны 100%-ға жаса деп үйретті. Менің ойымша, білім, кәсіби қасиеттер және тұрақты жұмыс болған жағдайда мансап жолында жынысына қарамастан өсуге болады», – Айша Түребаева, Стратегия және инвестициялар портфелін басқару департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ.

«Гендерлік теңдіктің алға басуы көзге көрініп тұр. 18 ғасырда жоғары білім алу құқығын, 20-шы ғасырдың ортасында сайлау құқығын алдық. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан патриархалдық тәртіпті тез өзгерту мүмкін емес. Бірақ бұл үдерісті жеделдету үшін әйелдердің сөйлеуі, осындай сессиялар өткізілуі, ең бастысы – әйелдердің өзара қолдауы қажет» – Әсел Сәрсенбаева, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жанындағы «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Тәуелсіз директоры, Президенттік кадрлық резервтің мүшесі.

«Әйелдер табиғатынан күшті түйсік пен эмпатия сезіміне ие. Күнделікті өмірде әйелдер мансапты да, отбасын да қатар алып жүре алады. Бұл бізді көп міндетті етеді», – Әлия Айталиева, ҚМГ-Аэро Даму бөлімінің бастығы.