«Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ мен «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС арасындағы ынтымақтастық
«Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ мен «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС арасындағы ынтымақтастық

Ақтөбе қаласының әуежайында ұшақтарды авиациялық жанар-жағармаймен қамтамасыз ету бойынша қызметтің екінші жеткізушісі жұмыс істей бастады.
Осылайша, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС ұлттық компаниясымен ынтымақтастық аясында компания 2 тамыздан бастап толыққанды жанармай операторы ретінде Ақтөбе әуежайында әуе кемесіне «қанатқа» алғашқы жанармай құюды жүзеге асырды. Осы мақсатта компания халықаралық стандарттарға сәйкес келетін және қауіпсіздіктің барлық талаптарына сай әуе кемелеріне жанармай құюға арналған заманауи көлік сатып алды. Бұл әуе кемелеріне жанар-жағармай құю жылдамдығын, авиакомпанияларға көрсетілетін қызметтердің сапасын, сонымен қатар Ақтөбеге қатынайтын рейстердің санын арттырады.

Бұл шара Ақтөбе әуежайы негізінде көліктік-логистикалық хабты дамытуға және отандық отын операторларын құруға бағытталған стратегиядағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында қала әуежайы мен «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС отынмен қамтамасыз ету бойынша жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті.