Air Silk Road халықаралық ынтымақтастық форумы

Ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегінде Бейжіңнің Ұлттық конгресс орталығында жыл сайынғы Қытай халықаралық қызмет саудасы жәрмеңкесі аясында «Азаматтық авиацияны инновациялық дамыту және өңірлік ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында бесінші Air Silk Road халықаралық ынтымақтастық форумы (ASRIF) өтті.

Халықаралық ұйымдардан 300-ден астам делегат, Қытайдағы шетелдік елшіліктер мен консулдықтардың өкілдері, ғылыми қауымдастық, қаржы институттары, халықаралық әуежайлар мен авиакомпаниялардың топ-менеджерлері, авиациялық экономикалық аймақтардың басшылығы, жанармай операторлары, сондай-ақ Қытайдың мүдделі министрліктерінің өкілдері бір платформада 2 күн бойы азаматтық авиация саласын дамыту, өңірлік ынтымақтастықты нығайту, азаматтық авиация саласына инновациялық-техникалық әдістерді енгізу, сондай-ақ көмірсутекті дамыту бағдарламасы талқыланды.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Қытайдың China National Aviation Fuel Group Limited (CNAF) мемлекеттік компаниясының сенімді стратегиялық серіктесі ретінде, Форумға және энергетикалық қауіпсіздікке арналған панельдік сессияда спикер ретінде қатысуға шақыру алды.

«Ағымдағы жылдың мамыр айында Астанада өткен «1-ші Қазақстандық Авиациялық Келіссөздер» аясында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен CNAF арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Меморандум аясында қазіргі уақытта техникалық базаны нығайту және ұлттық авиаотын операторларын құру мақсатында қытайлық әріптестеріміздің тәжірибесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің «Әуе Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастық альянсына» мүше болғаны қуантады», – деп атап өтті Ильдар Шамсутдинов, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры.
Анықтама үшін: China National Aviation Fuel Group Limited (CNAF) – 226 қытайлық және 48 шетелдік әуежайларда орналасқан, кірісі бойынша елдегі ең ірі компаниялардың бірі, авиациялық отынды сақтау және сатуға маманданған Қытайдың мемлекеттік компаниясы. Авиациялық отынның орташа жылдық айналымы жылына шамамен 30-35 млн тоннаны құрайды.