Шанхайдағы зауыт басшыларымен кездесу
Шанхайдағы «Ченфэй авиациялық арнайы техника» зауыт басшыларымен кездесу

Өткен аптада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы азаматтық авиацияның жанар-жағар май құю жабдықтарының өндірісімен танысу мақсатында Шанхайдағы «Ченфэй авиациялық арнайы техника» зауытында болды.

1994 жылы негізі қаланған «Ченфэй авиациялық арнайы техника» зауыты – бұл әртүрлі арнайы көліктер мен авиациялық отынмен жабдықтау техникаларын зерттеуге, әзірлеуге, өндіруге және сатуға маманданған Қытайдың ұлттық жоғары технологиялық кәсіпорны.

«Қазақстан нарығында техникалық базаны құру және толыққанды авиаотын операторын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды ескере отырып, «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС авиациялық отынмен жабдықтау техникасы мен технологияларының ірі әлемдік өндірушілерімен келіссөздер жүргізуде. «Ченфэй авиациялық арнайы техника» зауыты Қытайдағы азаматтық ұшақтарға арналған жанармай құятын көліктерді ең ірі өндірушісі болып табылады, оның жалпы өндірістік қуаты жылына 150-ден астам көлікті құрайды», – дейді «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директорының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары Ерлан Юсупов.