«Әлия Молдағұлова атындағы халықаралық әуежай» АҚ аэродромының жарамдылық сертификатын қайта ресімдеу аясында «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Ақтөбе қаласының аэропортында «ҚазМұнайГаз – Аэро» брендімен әуе кемелерінің «қанатқа» жанармай құю қызметін жүзеге асыратын жанармай құю көлігіне тексеру жүргізді.
Тексеру қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің жанармай құю көлігі халықаралық стандарттар мен авиациялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы оң қорытынды алды.

Жанармай құю техникасы паркін жаңарту басым бағыттардың бірі болып табылады. Өйткені бұл ұшу қауіпсіздігінің жоғары деңгейін сақтай отырып, қызмет көрсету сапасын үнемі жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне деген ұмтылысын арттыруға ерекше көңіл бөледі. Осылайша, компанияның техник-операторлары «Авиажанар-жағармай және майлау материалдары» бағдарламасы бойынша сертификатталған біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылдың 1 қыркүйегінде жасаған «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес толыққанды отын операторы болып табылатын «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-мен авиациялық отынмен қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, Ақтөбе қаласының әуежайы базасында мультимодальды хабты қалыптастыру бойынша бірлескен жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде,- дейді Дастан Малиев «Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы.
