Отандық мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 авиаотынын өндіруге дайын

 

Астана және Алматы халықаралық әуежайларының алаңдарында өткен жиындарда Қазақстан авиация саласының Jet A-1 маркалы авиаотынын пайдалануға дайындығы талқыланды. 

Республикалық деңгейде өткен жиындарға ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті (ААК), ҚР Энергетика министрлігі және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, ҚМГ-ге қарасты мұнай өңдеу зауыттарының, «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС, Астана және Алматы әуежайларының, отандық жетекші әуекомпаниялардың және логистикалық тасымалдаушы мекемелердің басшылары қатысты. Сондай-ақ кездесулерге Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), швейцариялық SGS зертханасының (сараптама және сертификаттау саласында әлемдегі көшбасшы, ҚМГ зауыттарында зертханалары бар), сондай-ақ JIG халықаралық қауымдастығының (Joint Inspection Group) сарапшылары қатысты.

Қатысушылар Jet A-1 авиаотынын пайдалану мәселелері бойынша өзара іс-қимыл рәсімдерін талқылады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық авиацияны дамыту және халықаралық әуе қатынасында ұшу географиясын ұлғайту туралы тапсырмасының стратегиялық маңызы атап өтілді.

Көлік министрлігі осыған дейін әуежайлардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, Jet A-1 жанармайына біртіндеп ауысу туралы шешім қабылдаған болатын. Алматы әуежайы өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын жанармай құю кешенін жаңғыртып жатыр және 2024 жылдың маусымына қарай ASTM D1655 әлемдік стандартына сай шығарылатын авиаотынды пайдалануға толық көшуді жоспарлап отыр.

  ҚазМұнайГаз өкілдері мұнай өңдеу зауыттарының әлемнің 70-тен астам елінде қолданылатын халықаралық Jet A-1 маркалы авиаотынын шығаруға дайын екенін атап өтті. ҚМГ сарапшылары Jet A-1 авиаотынын өндіру үшін зауыттың тиісті қуатын толық қайта өзгерту керек деп түсіндірді, өйткені зауыттар екі отын түрін, яғни ТС-1 маркасын қатар шығара алмайды.

«Бүгінгі таңда ҚазМұнайГаздың барлық үш мұнай өңдеу зауыты Jet A-1 маркасын өндіруге дайын. Авиаотынның бұл түріне көшу үшін зауыттан (орындалды) ұшақтың қанатына дейін (сақтау, тасымалдау, жанармай құю процесі) барлық авиациялық инфрақұрылымды JIG стандарттары бойынша дайындау қажет. Реттеуші уәкілетті мемлекеттік орган аталған авиаотын түрін пайдалануға тасымалдау мен технологиялық мүмкіндіктердің дайындығын растаған бойда, ҚазМұнайГаз екі апта ішінде зауыттардың бірін (таңдау бойынша) Jet A-1 маркасын өндіруге ауыстыруға дайын», — деп атап өтті «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілдері.

 

Ақпарат үшін:

Jet A-1 — IATA стандарттарына сай жанармай түрі. Сондықтан бұл отын түріне ауысу үшін өндірістен бастап ұшақтың бактарына отын құюға дейін халықаралық сапа бақылауы енгізіледі. Бұған сапаға жүргізілетін қатаң сынақтармен қоса (мысалы, ҚМГ МӨЗ-де авиаотынның әрбір партиясын халықаралық сертификаттау), жеткізілуі мен тасылмалы мұқият бақыланады. Бұл операциялардың барлығы қауіпсіздік пен сапа талаптарының халықаралық JIG стандарттарымен реттеледі.

ASTM — (ағылш. American Society for Testing and Materials) америкалық сынақ және материал мамандары қоғамының стандарттары. ASTM D1655 стандарты коммерциялық және жалпы авиацияда қолданылатын жанармай өнімдерін сынау принциптері мен қасиеттерін белгілейді. 

SGS компаниясы (Société Générale de Surveillance, Швейцария) — сараптама, сынақтар және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы, SGS-тің Қазақстандағы еншілес кәсіпорны – «СЖС Қазақстан ЛТД» шетелдік кәсіпорны ЖШС. SGS зертханасы Павлодар мұнай-химия зауытында (150 қызметкер) 2021 жылдың желтоқсанында ашылды. ПМХЗ-дағы SGS зертханасының авиациялық отынды зерттеу әдістері IATA-ның отандық және халықаралық талаптарына сәйкес келеді. Жұмыс Германия, АҚШ, Ұлыбритания және Жапонияның жетекші әлемдік компаниялары шығарған жабдықтарда жүргізіледі. 

JIG (Joint Inspection Group) — авиаотынмен қамтамасыз ету саласындағы стандарттарды әзірлеуге маманданған халықаралық қауымдастық. Отын сапасына қатысты бұл стандарттар әлемнің 2,5 мыңнан астам әуежайын қамтиды. JIG ұйымы сондай-ақ инспекторларды дайындап, әуежайлардың авиаотын инфрақұрылымына халықаралық стандарттар бойынша аудит жүргізеді.

IATA (International Air Transport Association) — Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы, әуетасымалдаушылардың (авиакомпаниялардың) үкіметтік емес ұйымы. Құрамында 140-тан астам мемлекеттен 300-ге жуық мүше бар. IATA қауымдастығы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің стратегиялық серіктесі.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...