«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашылар

Мейрамбек Ермағамбетов

«Ақтау халықаралық әуежайы» АҚ

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашы

Асқар Әлімбаев

«Әулие-ата халықаралық әуежайы» АҚ

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС өкілі – қоймашы

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС авиаотын операторы ретінде өз қызметін жүзеге асыру кезінде негізгі қызметкерлердің бірі – қойма өкілдерінің функционалы болып табылады. «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қойма өкілдері қауіпті инфрақұрылым объектілерінде жұмыс істеу үшін арнайы рұқсаттар алу үшін тиісті оқытудан өтеді және мұнай өнімдерімен жұмыс істеу кезінде есеп айырысу стандарттарын, қағидалары мен әдістемелерін меңгереді.

«Біз қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, кез келген ауа райы жағдайында инфрақұрылым нысандарында жұмыс істейміз. Сақтау қоймаларында мұнай өнімдері бар вагон-цистерналарды қабылдауды қамтамасыз етеміз, оған темір жол станциясында құжаттарды ресімдеу, вагоннан өнімнің саны, тығыздығы мен температурасының көрсеткіштерін өлшеу және тіркеу, мұнай базасының зертханашылары келіп түсетін мұнай өнімінің әрбір партиясының тазалығын алғашқы тексеру процессіне қатысу, қабылдау актілерін тәмамдау, қабылдау және төгу кезінде толық талдау алу үшін аккредиттелген зертханаға сынамаларды іріктеу және жіберу кіреді. Еліміздің әуежайларында біз контрагенттердің әуе кемелерін «қанатқа» құю арқылы авиаотынды өткізуге байланысты құжат айналымына күнделікті бақылау жүргіземіз. Әуежайдың құрылымдық бөлімшелерімен үйлестірілген өзара іс – қимыл кезінде әуе кемелеріне жанармай құю қызметтерін көрсету кезінде техниканың жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз» – дейді Мейрамбек Ермағамбетов.

«Бұдан басқа, біз қоймаға мұнай өнімдерін құю және автоцистерналармен шығару процесін қамтамасыз етеміз және бақылаймыз, оған құйылған өнімнің мөлшерін, тығыздығы мен температурасын анықтау, тауар-көлік жүкқұжаттарын ресімдеу, контрагенттердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы күштері мен арнаулы мемлекеттік органдарының атына өткізілетін мұнай өнімдерінің мөлшерін реттеу кіреді. Бұл олардың үздіксіз қызметі және қойылған міндеттерді уақтылы орындауын қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, жұмыс барысында біз мұнай өнімдерінің сапасын растау үшін мұнай базаларындағы зертханалар мен тәуелсіз зертханалардың қызметіне жүгінеміз» – деп толықтырды Асқар Әлімбаев.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...