ҚазМұнайГаз Ақтөбе әуежайында ірі жанармай құю кешенінің құрылысын бастады

Бүгін Ақтөбе халықаралық әуежайында жаңа жанармай құю кешенінің іргетасына капсула салу рәсімі өтіп, жобаны іске асыру басталды. Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов, Ақтөбе әуежайының Басқарма Төрағасы Дастан Малиев және «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бас директоры Ильдар Шамсутдинов қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздіңтранзиттік әлеуетін дамыту бойынша міндеттер қойған болатын. ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз — Аэро» ЖШС-нің жаңа отын құю кешенін салу жобасы бұл міндеттерді орындауға бағытталған.

Жаңа отын құю кешені – бұл өңірлік әуежайда іске асырылып жатқан Қазақстандағы пилоттық жоба. Жаңа жанармай құю кешенінде РТ, ТС – 1 авиациялық отынымен қатар, Jet A-1 маркалы авиаотынды пайдалануға болады. Бұл жобаны жүзеге асыру өңірдің дамуына серпін беріп, әуежайдың бәсекелестігін арттырып, еліміздің транзиттік әлеуетін айтарлықтай дамытуға ықпал етеді.

Құрылыстың бірінші кезеңінде жанармайдың 600 текше метр көлемі сыятын жылжымалы отын құю кешенін(дөңгелекпен жүретін) салу және жанармай құятын екі көлік сатып алу көзделген.

Екінші кезеңде 20 мың текше метрлік стационарлық резервуар паркі, төгу-құю эстакадасы, диспетчерлік орталық және басқа да объектілер салынатын болады.

Жаңа кешен халықаралық қауіпсіздік стандарттарына толық сәйкес келеді. Жоба әуе тасымалдаушылары үшін отын сервисі сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылады.

Жобаның аяқталуы 2026 жылға жоспарланып отыр.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...