Әділхан Бірыңғай оператор жоба қызметінің командасына 2022 жылы қосылды. Қысқа уақыт ішінде өзін жауапты, сауатты, күйзеліске төзімді қызметкер ретінде көрсете білді.
« «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Бірыңғай оператор жобалық қызметі Қазақстан Республикасының негізгі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына мұнай өнімдерін жеткізеді. Біздің басты міндетіміз – жеткізілетін мұнай өнімдерінің талаптар мен сапа стандарттарына уақытылы және толық сәйкестігін қамтамасыз ету. Контрагенттердің жұмысының ерекшеліктерін ескере отырып, келісім-шарт жасалған сәттен бастап, жеткізу сәтіне дейін әрбір деталь ұқыптылық пен нақтылықты қажет етеді. Менің жұмысымның басты артықшылығы – заманауи әскери техниканы өз көзімен көру және әскери жаттығуларға қатысу мүмкіндігі. ҚМГ-Аэроға қосылғаннан бері менің достарымның саны кеңейіп, жауапкершілік сезімім артты. Бірыңғай оператор қызметінің жұмыс ерекшелігіне байланысты, әріптесттер арасында бір-біріне деген қолдау мен бауырмалдық басым», – дейді Әділхан Әбдірахманов.
