Биыл сәуір айында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) тәулік бойы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның әуе кемелері мен басқа да техникаларын жанармаймен үздіксіз қамтамасыз етті. Соның ішінде Ақтөбе облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша Ырғыз ауданының шалғайдағы Нұра, Мамыр елді мекендерінен және Қобда ауданының су басу аймағынан халықты шұғыл эвакуациялау мақсатында «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Ырғыз және Қобда аудандарына жанармай құюға арналаған арнайы техника мен қызметкерлер жіберілді.
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС облыс әкімдіктерінің тапсырысы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Атырау облысы, Ақтөбе және Қостанай облыстарында су тасқынына қарсы іс-шараларға, халықты эвакуациялауға, бұзылған инфрақұрылымды қалпына келтіруге қатысатын жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарды жанар-жағармаймен өтеусіз негізде қамтамасыз етті.
Бұл ретте 1300 тоннадан астам дизельдік отын және 58 тоннадан астам бензин (АИ-92) жеткізіліп, айтарлықтай көлемдегі жанармай карталары да берілді. Облыстардың әкімдіктеріне өтеусіз негізде жалпы сомасы 400 млн теңгеге жуық жанар-жағармай берілді.
Қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін, көрсеткен патриотизмі мен белсенді азаматтық ұстанымы үшін «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің және Ақтөбе әуежайы басшылығының Алғыс хаттарына ие болды.

