ҚазМұнайГаз бен IATA ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 30 қыркүйекте Астанада Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) Еуропадағы өңірлік вице-президенті Рафаэль Шварцманмен кездесті. Талқыланған мәселелер қатарында авиаотынмен қамтамасыз ету және декарбонизация саласындағы ынтымақтастық мәселелері бар.

Еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарының айналымдағы барлық авиаотын түрін сақтай отырып, ТС-1/РТ отын түрінен Jet A-1 отынына өту мәселесіне ерекше назар аударылды. ҚМГ басшысы Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауыты 2020 жылдан бастап Jet A-1 маркасын шығаруға дайын екенін атап өтті. Оған қоса, Jet A-1 авиаотынын айналымға енгізу үшін елдегі әуежайлардан бастап мұнай базалары мен тасымалды қоса алғанда авиаотынмен қамтамасыз ету инфрақұрылымының толық дайындығы керек.      

Келіссөз барысында Қазақстан қосылған Халықаралық авиация үшін көмірқышқыл газы шығарындыларын өтеу және азайту (CORSIA) мәселесі де талқыланды. А.Хасенов ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыру барысы туралы мәлімдеп, көміртегі шығарындыларын азайту мен өтеудің барлық мүмкін схемаларын талқылауға дайын екенін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстанда тұрақты авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігі талқыланды. ҚМГ нарыққа талдау жүргізгені және авиатасымал саласының болашағы SAF отынын қолданумен тікелей байланысты деп есептейтіні атап өтілді.

Кездесу соңында Асхат Хасанов Рафаэль Шварцман мен әріптестеріне бірлесіп атқарған тиімді жұмыс үшін алғыс білдіріп, белгіленген жоспардың сәтті жүзеге асатынына сенім білдірді.

 

Ақпарат үшін:

IATA (International Air Transport Association) — бүкіл әлем бойынша авиакомпаниялардың мүддесін қорғайтын халықаралық әуе көлігі қауымдастығы. Ол авиациядағы қауіпсіздік, тиімділік және тұрақты дамудың жаһандық стандарттарын айқындайды. Қазақстанда IATA ҚазМұнайГазбен авиацияны отынмен қамтамасыз ету саласында халықаралық стандарттарды енгізу.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...