Қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында 2-16 қазан аралығында «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері медициналық емес персоналға арналған алғашқы (ауруханаға дейінгі) көмек көрсету курсын аяқтады.
Зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету машықтарын үйрету – жұмыскерлердің өндірістегі жазатайым оқиғалар, жарақаттар, уланулар және олардың өміріне қауіп төндіретін басқа да жағдайлар мен аурулар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге білім, білік және тәжірибелік сабақ алуға мүмкіндік берді.
Сабақ барысында қатысушыларға клиникалық өлім белгілері бар адамды анықтау тәртібі, жасанды тыныс алу, кеуде қуысының компрессияларын жүргізу ережелері мен әдістері көрсетілді. Іс-шараға қатысушылар «Жүрек тоқтауы кезіндегі көмек» шеберлік сыныбына қатысты. Жұмысшыларға «Сыртқы қан кетуді тоқтату», «Жарақат кезіндегі көмек» тақырыптарында презентация ұсынылды, онда жоғарғы тыныс жолдарына бөгде денелер түскенде, термиялық және химиялық күйіктерде алғашқы көмек көрсету әдістері мен ережелері талқыланды.
Тәжірибелік сабақтың соңында әрбір тренингке қатысушыға алғашқы медициналық көмек көрсету тренажерларында қан кетуді тоқтату, түрлі жарақаттар кезінде шұғыл көмек көрсету, тыныс алу жолдарынан бөгде заттарды шығару, негізгі жүрек-өкпе реанимациясын меңгеру техникасын жеке тәжірибе жүзінде үйренуге мүмкіндік берілді.


