ҚазМұнайГаз бен Axens екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуде

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға мемлекеттік сапары қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен халықаралық Axens компаниясы ынтымақтастық туралы келісім жасасты. Құжатқа ҚМГ басшысы Асхат Хасенов пен Axens Басқарма төрағасы Квентин Дебуйшерт қол қойды.

Келісім өзара тиімді серіктестікті кеңейтуге бағытталған. Компаниялар Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын (SAF) өндіру мүмкіндігін бірлесіп зерттеуді жоспарлап отыр.

ҚМГ басшысы Axens-пен серіктестік орнату еліміздің энергетика секторына инвестиция тартуға, заманауи экологиялық стандарттарға сай келетін озық технологиялар енгізіп, жоғары сапалы отын өндірісін ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

Жаңартылатын отын түрлерін өндіру процестерімен байланысты Axens технологиялары «Қазақстан Республикасында тұрақты авиациялық отын өндіру» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі аясында 2024-2025 жылдары қаралатын болады.

Елімізде SAF өндіретін кешен салу жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесі ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және «Эйр Астана» АҚ қатысуымен сәтті орындалды. Келесі кезең — жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу.

Сонымен қатар Асхат Хасенов пен Квентин Дебуйшерт екіжақты кездесу өткізіп, мұнай өңдеу саласында техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

 

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — мұнаймен байланысы жоқ жаңартылатын ресурстардан өндірілетін экологиялық таза авиациялық отын. Кәдімгі авиакеросиннен айырмашылығы, SAF таза күйінде көміртегі шығарындысын 80%-ға азайтады.

Axens — штаб-пәтері Францияда орналасқан халықаралық компания. Ол мұнай-газ өнеркәсібіне технологиялар, жабдықтар мен қызметтерді, соның ішінде техникалық қолдау мен оқыту қызметтерін ұсынады. Axens ҚазМұнайГаз зауыттарымен 1997 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Axens — Атырау мұнай өңдеу зауытында бірнеше қондырғының лицензиары. Бұл технологиялар Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарына сай келетін жоғары сапалы бензин мен дизель отынын өндіруге мүмкіндік береді.

1
ҚазМұнайГаз – Аэро және Turkish Airlines / Turkish Cargo басшылығының кездесуі өтті
2025 жылғы 15 сәуірде «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС мен Turkish Airlines әуе компаниясы, соның ішінде Turkish...
2
Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы келісімге қол қойылды
Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын SAF (Sustainable Aviation Fuel) өндірісін салу бойынша техникалық-экономикалық...
3
«Наурыз мейрамы» сурет байқауы!
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС Наурыз мерекесіне арналған балалар суреттері байқауының қорытындысын шығарды....
4
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2025» оқу-жаттығуларына белсене қатысты
2025 жылдың 6-7 наурыз аралығында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық...
5370706911609088787 (1)55
ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіру жобасын талқылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында америкалық LanzaJet...
2
ҚазМұнайГаз және ICAO Қазақстанның халықаралық авиаотын стандартына көшу мәселесін талқылады
    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Халықаралық...
1
ҚазМұнайГаз Актобе әуежайында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосады
      «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС (КМГ-Аэро – «ҚазМұнайГаз»...
WhatsApp Image 2025-02-05 at 15.36
«ҚазМұнайГаз - Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге отырды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе...
5246727105742501344
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС авиациялық отын операторы ретінде Қырғызстан нарығына шығуда
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ еншілес компаниясы) Қырғызстанның авиациялық нарығында...
5226581273877802147
КМГ – Аэро және SpaceBee Airlines Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және SpaceBee Airlines 2025 жылға арналған Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне...