Қазақстан авиация саласының SAF-қа көшуі: ҚМГ-Аэро алаңында Халықаралық әріптестер алдағы қадамдарын келісті

Қазақстан авиация саласының тұрақты және экологиялық таза авиациялық отынды (SAF, Sustainable Aviation Fuel) пайдалануға көшуі, 8 қарашада Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ICAO) ұйымдастырған «Green Airports» семинары шеңберінде, «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС алаңында өткен кеңестің басты тақырыбы болды. Талқылауға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ), «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро, ҚМГ еншілес ұйымы), «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ, “Эйр Астана” авиакомпаниясының, BioOperations биоэтанол өндіру зауытының, сондай-ақ LanzaJet, Mitsui&Co, Maire Tecnimont және Sovico Group компанияларының өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысушылар Қазақстанда SAF жобасын іске асыру аясында ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Қазақстан Париж келісімін ратификациялап және 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптық стратегиясын қабылдай отырып, авиация секторындағы парниктік газдар шығарындыларын азайтуға тырысады. SAF-тыдамыту және өндіру осы стратегияның маңызды бөлігі болып табылады. ҚМГ декарбонизация бойынша дәйекті қызметке назар аударуға ниетті. Ол үшін ҚМГ-ның 2022-2031 жылдарға арналған төмен көміртекті даму Бағдарламасы қабылданды. Алдын-ала (Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің, ҚМГ және «Эйр Астана» қолдауымен) SAF өндірістік кешенін салу жобасына техникалық-экономикалық зерттеу жүргізілді. Келесі кезең жобаның ТЭН әзірлеу болады.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға сапары барысында ағымдағы жылдың 4-5 қарашасында, ҚМГ және Axens компаниясы 2024-2025 жылдарға арналған «Қазақстанда тұрақты авиациялық отын өндіру» ТЭН жобасы бойынша ықтимал ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Жазда ҚМГ және LanzaLet (SAF шығаруға мамандандырылған) компаниясы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Қазан айының басында Миланда ҚМГ – Аэро және NextChem SAF әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...