«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуларына қатысты

Ағымдағы жылдың 21-23 қараша аралығында Қазақстанда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығулары өтті, олардың мақсаты – қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларды болдырмау және жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау болды. Жаттығулар Ақмола облысы Көкшетау қаласында өткізілді және сумен жабдықтау, жылумен қамтамасыз ету, энергиямен жабдықтау жүйелеріндегі апаттар, сондай-ақ жолдардағы кептелістер сияқты әртүрлі дағдарыс жағдайларын қамтыды.

Жаттығуларға орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Төтенше жағдайлар министрлігінің, әскери бөлімдердің және басқа да қызметтердің жедел топтары қатысты. Ерекше назар эвакуацияға, тамақтандыруды ұйымдастыруға, медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, сондай-ақ тіршілік қамтамасыз ету нысандарын қалпына келтіруге бөлінді.

«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС жаттығулар аясында мұнай өнімдерін жеткізудің бірыңғай операторы рөлін атқарып, дағдарыс жағдайында жанар-жағармаймен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етті. Барлығы 457 тактикалық-арнайы жаттығу өткізілді, оған 12,3 мың адам мен 4 мыңнан астам техника бірлігі, оның ішінде 5 әуе кемесі қатысты.

Еліміздің барлық аймақтарында 49 мың зардап шеккен адамды қабылдайтын 846 жылыну пункті мен 32 далалық басқару пункті орналастырылды. Жаттығулар азаматтық қорғау жүйесінің және барлық қатысушы қызметтердің қыс мезгілінде төтенше жағдайларды жоюға дайын екенін растады, сондай-ақ шынайы жағдайларға барынша жақын жағдайларда әрекеттестіктің үйлесімділігін көрсетті.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...