ҚазМұнайГаз және ICAO Қазақстанның халықаралық авиаотын стандартына көшу мәселесін талқылады

   

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті.

Тараптар Қазақстанның Jet A-1 авиаотынының халықаралық стандартына көшуі және тиісті инфрақұрылымды жаңғырту мәселелерін талқылады.

А.Хасенов ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттары Jet A-1 маркалы авиаотынды өндіруге техникалық тұрғыдан дайын екенін айтты. Оны қолданысқа кеңінен енгізу үшін отандық әуежайлардың инфрақұрылымын қосымша дайындау қажет.

— Осыған байланысты ҚМГ өзінің еншілес компаниясы «ҚазМұнайГаз-Аэро» арқылы еліміздегі әуежайларда тиісті инфрақұрылымды салып, оны жаңғыртуға бағытталған бірқатар инвестициялық жобаға бастамашы болды. Бұл жұмыстар дәстүрлі авиациялық отынды да, SAF тұрақты авиациялық отынды да сақтау үшін қажет. ICAO-мен ынтымақтастық сертификат алу процестерін және халықаралық стандарттарға сәйкестігін жеделдетуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, — деп атап өтті ҚМГ басшысы.

Аталған жобалар әуе айлақтарына арналған су жаңа отын құю машиналарын сатып алуды көздейді. Инвестицияның жалпы көлемі 15 млрд теңгеге бағаланады.

Бұдан басқа, Қазақстанда SAF тұрақты авиациялық отын өндіру зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру барысы қаралды. LanzaJet және BioOperations компанияларымен бірлесіп іске асырылып жатқан жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.

Қазақстанның Jet A-1 отынына көшуі SAF пайдалану үшін қажетті талаптардың бірі екенін атап өткен жөн.

— Аталған жобаны жүзеге асыру Қазақстанға SAF өндірісі бойынша өңірдің көшбасшысы болуына мүмкіндік береді деп есептейміз. Сондай-ақ бұл авиация саласының экологиялық көрсеткіштерін жақсартуға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал етеді, — деп атап өтті А.Хасенов.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағытта жұмысты күшейтуге дайын екендіктерін растады.

 

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...