ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіру жобасын талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында америкалық LanzaJet технологиялық компаниясының бас директоры Джимми Самарциспен кездесті.

Тараптар елімізде тұрақты авиациялық отын (SAF) өндірісін құруға бағытталған екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында А.Хасенов LanzaJet компаниясымен серіктестік энергетиканың тұрақты шешімдерін дамытуға мүмкіндік ашатынын атап өтті. Төмен көміртекті баламалы отынды өндіру технологияларын енгізу Қазақстан үшін маңызды.

ҚМГ басшысы Джимми Самарцис мырзаға LanzaJet компаниясының Қазақстанда экологиялық авиаотын өндіретін зауыт салу жобасына қызығушылық білдіргені үшін алғыс айтты. Өз кезегінде тараптар аталған жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) әзірлеуді жылдамдатуға дайын екендіктерін растады.

— Бірлескен жұмыстар төмен көміртекті даму мақсаттарына қол жеткізуге елеулі үлес қосады және жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚМГ-ға 2031 жылға қарай шығарындыны 2019 жылмен салыстырғанда 15%-ға қысқартуға көмектеседі. Жалпы, жоба биоотын нарығының дамуына және Қазақстанның транзиттік мүмкіндіктеріне айтарлықтай әсер етеді, — деді А.Хасенов.

Айта кетсек, бұған дейін жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі алдын ала әзірлеу кезеңінен өткізілген болатын. ТЭН дайындау биыл аяқталмақ.

Анықтама:

LanzaJet – этанолдан SAF отынын алудың сертификатталған технологиясымен («alcohol-to-jet») танымал. Компания әлемнің ең ірі All Nippon Airways, British Airways және Virgin Atlantic сынды авиакомпаниялармен SAF жеткізу бойынша ұзақмерзімді келісімдер жасасқан. LanzaJet-тің «alcohol-to-jet» технологиясы кез-келген биологиялық немесе биологиялық емес шикізаттан алынған этанолда қолданылады, сондай-ақ парниктік газ шығарындысын едәуір азайтып (95%-ға дейін) және энергия тиімділігін арттырады.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...