«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2025» оқу-жаттығуларына белсене қатысты

2025 жылдың 6-7 наурыз аралығында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2025» оқу-жаттығуларына белсене қатысты.

Оқу-жаттығудың тақырыбы – су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайға дайындық және оны жою. Негізгі мақсаты – көктемгі су тасқыны кезеңінде жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау бөлімшелерінің өзара тиімді байланысын қамтамасыз ету.

Өткізілген оқу-жаттығулар барысында жеке құраммен жұмыс істеп, азаматтық қорғау шараларын жүзеге асыру мен ұйымдастыру, басшылық құжаттарды зерттеу бойынша сабақтар жүргізілді. Сонымен қатар, оқу-жаттығуларға қатысушылар үшін ұйымдастырушылық нұсқаулар мен қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша шаралар өткізілді. Басқару органдарының үйлесімділігін арттыру мақсатында объектілік жаттығулар мен сабақтар ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығулар кезінде «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері төтенше жағдайлар аймағында жанар-жағармай материалдарын жеткізу жөніндегі есептерді дайындады.

Өткізілген жаттығулар қызметтердің төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дайындығын бағалауға және азаматтық қорғаудың барлық буындарының тиімді өзара әрекетін пысықтауға мүмкіндік берді.

Негізгі міндет – барлық қызметтердің су тасқыны кезеңіне жоғары дайындықты қамтамасыз ету, ықтимал қауіптерді азайту және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету.

3
«Наурыз мейрамы» сурет байқауы!
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС Наурыз мерекесіне арналған балалар суреттері байқауының қорытындысын шығарды....
4
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық «Көктем-2025» оқу-жаттығуларына белсене қатысты
2025 жылдың 6-7 наурыз аралығында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС қызметкерлері Республикалық командалық-штабтық...
5370706911609088787 (1)55
ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндіру жобасын талқылады
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында америкалық LanzaJet...
2
ҚазМұнайГаз және ICAO Қазақстанның халықаралық авиаотын стандартына көшу мәселесін талқылады
    «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Халықаралық...
1
ҚазМұнайГаз Актобе әуежайында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосады
      «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС (КМГ-Аэро – «ҚазМұнайГаз»...
WhatsApp Image 2025-02-05 at 15.36
«ҚазМұнайГаз - Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге отырды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС Silk Way West Airlines әуекомпаниясымен Қырғызстанның әуежайларында әуе...
5246727105742501344
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС авиациялық отын операторы ретінде Қырғызстан нарығына шығуда
«КазМунайГаз – Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ еншілес компаниясы) Қырғызстанның авиациялық нарығында...
5226581273877802147
КМГ – Аэро және SpaceBee Airlines Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю туралы келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС және SpaceBee Airlines 2025 жылға арналған Қазақстан әуежайларында әуе кемелеріне...
1
KMG facts
2024 жылы «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚазМұнайГаз компаниясының еншілес ұйымы) 282 мың тоннадан астам мұнай...
1
ҚазМұнайГаз волонтерлері Ана мен бала орталығында ем алып жатқан балаларға жаңа жылдық акция ұйымдастырды
Астанада ҚМГ волонтерлері балаларға қуаныш пен мерекелік көңіл-күй сыйлау үшін Ана мен бала ұлттық ғылыми...