Қазақстанда экологиялық таза авиаотын өндірісінің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу туралы келісімге қол қойылды

Қазақстанда экологиялық таза авиациялық отын SAF (Sustainable Aviation Fuel) өндірісін салу бойынша техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу үшін Қазақстан менАмерика аралық келісімшартына қол қойылды. Құжатқа «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорн — ҚМГ), америкалық LanzaJet, Inc. (LanzaTech Global, Inc. компаниясымен еншілес) және Қазақстанның жетекші агроөнеркәсіп холдингі «KazFoodProducts» ЖШС (KFP) өкілдері қол қойды.

Өткен жылы ТЭН алдын ала әзірлеу кезеңі сәтті аяқталды. Енді негізгі ТЭН 2025 жылдың соңына дейін әзірленбек.

Жобаның жүзеге асырылуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды транзит әлеуеті дамыған халықаралық авиациялық хабқа айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында ерекше маңызға ие. Осы келісімге қол қоярдан бұрын, 2025 жылдың наурыз айында ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов пен LanzaJet компаниясының бас директоры Джимми Самарцис АҚШ-та кездесіп, SAF өндірісі саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Тараптар ТЭН әзірлеу процесі барысында жобаны жан-жақты талдап, оның ішінде өндіріс үшін қолайлы өңірді таңдау, өндіріс көлемін анықтау және инвестициялық шешім қабылдауға қажетті басқа да маңызды аспектілерді қарастыратын болады.

Әлемде SAF көмірқышқыл газ шығарындыларын азайту үшін Jet A-1 маркалы авиациялық отынға қоспа ретінде қолданылады. ҚазМұнайГаздың үш мұнай өңдеу зауыты Jet A-1 маркасы өндірісіне 2018 жылдан бері дайын. Авиациялық отынның қазіргі ТС-1 стандартынан Jet A-1 стандартына кезең-кезеңмен өту үшін әуежайлардың жанармай құю инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары жүргізілмек.

Амбициялық жоба еліміздің Париж келісімінің аясындағы көміртегі бейтараптығына жетуге және халықаралық жетекші әуе тасымалдаушылары мен жүк тасушы компанияларды тартуға бірегей мүмкіндіктер ашады.

SAF (Sustainable Aviation Fuel) — жаңартылатын ресурстардан өндірілетін экологиялық таза авиациялық отын, ASTM International стандарттарына сәйкес. Әлемдегі авиация саласының көшбасшылары SAF технологиясын белсенді енгізуде: АҚШ 2050 жылға қарай SAF қолдануда 50%-ына жетуді жоспарлап отыр, Еуропа одағы 2025 жылдан бастап 2%-ды енгізіп, 2050 жылға қарай 63%-ға дейін арттыруды көздейді, Ұлыбритания 2030 жылға қарай 10%-ға жетуді мақсат еткен.

LanzaJet — этанолдан SAF өндірісінің технологиялары бойынша әлемдік лидер («alcohol-to-jet»). Компания All Nippon Airways, British Airways және Virgin Atlantic сияқты авиация индустриясының алыптарымен ұзақ мерзімді жеткізілім келісімшарттарын жасасты. LanzaJet технологиясының ерекшелігі этанолдың әртүрлі көздерінен (биологиялық және биологиялық емес) пайдалануға мүмкіндік беруінде, бұл парниктік газ шығарындыларын 95%-ға дейін төмендетуге және энергия тиімділігін айтарлықтай арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

ТОО «KazFoodProducts» (KFP) — Қазақстанның ірі агрохолдингі, құрамына биоэтанол өндірісімен айналысатын «BioOperations» ЖШС кіреді. KFP сондай-ақ Qostanay Grain Industry зауытын салу жобасын жүзеге асыруда (қуаттылығы — жылына 430 мың тонна бидай өңдеу), бұл жобаның аясында биоэтанолдың тағы бір көзі пайда болады, ол SAF өндірісіне жарамды.

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...