«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» жанармаймен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасты

«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» жанармаймен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасты
«ҚазМұнайГаз-Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Түркістан халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамы Түркістан қаласының әуежайында әуе кемелерін «ұшақтың қанатына» жанармаймен қамтамасыз ету қызметін көрсету туралы шартқа қол қойды.
Аталған ынтымақтастық әуе кемелеріне қызмет көрсету сапасын арттыруға, тұрақты әуе рейстерін қамтамасыз етуге және өңірдің авиациялық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған. Жанармай құю заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық қауіпсіздік пен сенімділік стандарттарына сай жүзеге асырылады.

Түркістан халықаралық әуежайының негізгі техникалық сипаттамалары:
•Ұшу-қону жолағы: 3 300 м × 45 м, жабыны – жасанды
•ИКАО санаты: I
•Әуе кемелерінің көпшілігін қабылдау мүмкіндігі
•Заманауи инфрақұрылым: IATA және ICAO халықаралық стандарттарына сәйкес салынған жолаушылар терминалы
•Жаңа багажды өңдеу жүйесі, тіркеу аймағы, телескопиялық траптар, лифтілер, Duty Free аймағы және күту залдары
•Жолаушылар өткізу қабілеті – сағатына 450 адамға дейін
•Мүгедектігі бар адамдар үшін толық қолжетімділік
•Кедендік және шекаралық бақылау жүзеге асырылады
•Астана, Алматы, Ыстамбұл, Самарқанд, Абу-Даби бағыттарына, сондай-ақ чартерлік рейстер бойынша халықаралық және ішкі әуе қатынастары орындалады.

 

photo_2026-08-11_10-17-46
ҚМГ-Аэро Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясының рейстеріне жанармай құя бастады
ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Қырғыз Республикасының...
1
Ақтөбе-Ташкент рейсінің іске қосылуы: ҚМГ-Аэро Centrum Air ұшақтарын жанармаймен қамтамасыз етеді
ҚМГ-ның еншілес ұйымы — «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Өзбекстанның Centrum Air компаниясы Ақтөбе халықаралық...
Image 2026-07-23 at 11.29
Қазақстандағы SAF жобасы келесі кезеңге өтуде
Астана қаласында «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС (ҚМГ-Аэро — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы), «KazFoodProducts»...
image
ASL Airlines Belgium Қазақстан нарығына кірді: ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда әуе кемелеріне жанармай құюды қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС бельгиялық ASL Airlines Belgium жүк тасымалдайтын...
photo_2026-06-25_12-42-20
Алматы әуежайында Jet A-1 маркалы авиаотын алғаш рет әуе кемесіне құйылды
ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС Алматы халықаралық әуежайында Uzbekistan Airlines...
DSC_4028
ҚазМұнайГаз-Аэро мен Air Astana авиациялық отынмен қамтамасыз етуді тұрақты дамыту келешегін талқылады
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС мен Air Astana әуекомпаниясы басшылығының жұмыс кездесуі өтіп, онда авиациялық...
5312321731781401797
Қауіпсіздік – басты назарда: ҚазМұнайГаз-Аэро қызметкерлері арнайы оқытудан өтті
2026 жылғы 20 маусымда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нде «Sary-Arka Training» компаниясының мамандарымен бірлесіп...
5294295728270285678
ҚМГ-Аэро Ташкент-Қостанай бағыты бойынша Centrum Air жаңа рейсін отынмен қамтамасыз етеді
ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы – «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және Centrum Air өзбек әуе компаниясы Қостанай...
5280974466294946281
Cargolux Қазақстандағы қызметін кеңейтуде: елдің транзиттік әлеуеті жаңа белеске көтерілуде
Астанада «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС басшылығы мен халықаралық жүк әуе тасымалдаушысы Cargolux компаниясының...
Flyone2
ҚазМұнайГаз-Аэро Алматыда жаңа халықаралық тасымалдаушы компанияның рейстерін жанармаймен қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС және FlyOne Armenia әуе компаниясы Алматы халықаралық әуежайында ұшақ «қанатына»...