
2025 жылғы 22-23 мамыр аралығында еліміздің барлық өңірлерінде «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Тақырыбы: «2025 жылғы өрт қауіпті кезең жағдайында төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күш-құралдарының іс-қимылға дайындығын пысықтау».
Оқу-жаттығудың жедел штабы Павлодар облысындағы Майқарағай орман шаруашылығының «Ертіс орманы» аумағында орналастырылды.
«ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС қызметкерлері азаматтық қорғау жүйесінің жанар-жағармай материалдары қызметі құрамында оқу-жаттығу іс-шараларына белсенді қатысты. Шынайы жағдайға барынша жақын жағдайда ауқымды табиғи өрт туындаған кезде іс-қимыл алгоритмдері тәжірибелік тұрғыда пысықталды. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз – Аэро» ЖШС мамандары ықтимал төтенше жағдай аймағына жанар-жағармай материалдарын жеткізу бойынша қажетті есептеулер мен жоспарларды әзірледі.
Өткізілген жаттығулар төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге, қызметтердің дайындығын бағалауға және азаматтық қорғаудың барлық буындарының тиімді өзара іс-қимылын пысықтауға мүмкіндік берді.


